Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт адам жабылып шығара алмадық": Ақтөбелік спортшылар арыққа құлап кеткен қызды қалай құтқарғанын айтып берді

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбеде құбыр ішіне құлаған 15 жастағы оқушыны құтқарып қалған оқиға куәгерлері жағдайдың қалай болғанын баяндап берді. Фитнес орталығы жаттықтырушыларының сөзінше, төрт адам жабылып жасөспірімді құбырдан шығара алмаған. Оларға тағы бірнеше адам көмекке келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл жағдай кеше кешке болды. Біз алдымен жасөспірім құлап қалды деп ойладық. Кейін оның батып бара жатқанын көрдік. Бірден жүгіріп шықтық. "Арбат" тұрғын үй кешенінің күзетшісі де шықты. Шығарып алу қиынға соқты. Себебі оның киімі арматураға ілініп қалған екен. Бірден жаттығу залына апардық", - дейді фитнес орталығының жаттықтырушысы Евгений Зелевский.

Жаттықтырушылар оқушыны ыстық душқа кіргізіп, таза киім берген. Олар ата-анасына хабар беріп, әкесі келгенін айтты.

"Қыз дәл құбырға құлап, шыға алмай қалған. Судың ағысы қатты болғаны соншалық, шығарып алуға төрт жігіттің әлі келмеді. Үстіндегі киімінің барлығы шешіліп қалды",- дейді фитнес орталығының қызметкерлері.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қаланың Батыс 2 ауданын санаулы сағатта су шайып кеткен. Олар 5-6 сағат бойы ешқандай көмек келмегенін айтады.

"Ағыс кеше сағат 14:00-де басталды. Сол кезде күн жылып, су көтерілді. 112, 109 секілді төтенше жағдайға жауапты мекеменің бәріне хабар бердік. Операторлар бір-біріне сілтеді. "Бұл біздің аумақ емес, бұл біздің қызметіміз емес" деп деп басқа телефон нөмірлерін беріп, басқа жерге хабарласуымызды сұрады. Сөйтіп жүргенде бес сағат өтті.

Шыдай алмаған соң бөгетке бардық. Онда 5-6 жұмысшы тұр. Қолында екі күрек, 4-5 қап бар. Олар "кранды күтіп тұрмыз" деді. Сөйтіп жүргенде кешкі сағат 21:00 болды. Түнгі 23:00-де мына жерге облыс, қала әкімі келді. Осы жерде жағдайды түсіндіріп айттық. Осы маңда екі қыз суға батып кете жаздады. Адамдар құтқарып алды. Су бір сағатта көтеріліп кетті. Қаншама шығын келді. Ғимараттар ішіне, жертөлеге су кетті. Ол неден? Арық тазартылмаған, бөгет уақытылы жабылмаған.

Адам өлімі болған жоқ, бірақ Құдай сақтасын. Тіпті айтатын сөз жоқ. Қайда қарап отыр? Түсіндіріп айттық, бастарын шайқап кетті. Барлығы еріп, бәрі арыққа ағып жатыр қоқыстың. Тағы бітеледі. Қазір өзіміз лентамен жан-жағын қоршап қойдық",- дейді "Бизнес центр" орталығының шаруашылық басшысы Ерболат Ахметханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963129-tort-adam-zabylyp-sygara-almadyq-aqtobelik-sportsylar-aryqqa-qulap-ketken-qyzdy-qalai-qutqarganyn-aityp-berdi/

pixel