Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

А4 форматындағы кеңсе қағазы неге қымбаттап кетті: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

қағаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл наурызда Қазақстан нарығында А4 форматындағы кеңсе қағазының бағасы орта есеппен 67% -ға өскен. Осы орайда еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қағаз бағасының өзгеруі және отандық өндірушілерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметінше, былтыр елімізге А4 форматындағы кеңсе қағазының 20,4 млн қаптамасы (51 мың тонна) жеткізілген. Оның ішінде, 61% (31,3 мың тонна) Ресей Федерациясынан, 30% (15,1 мың тонна), Түркиядан және 8% (4 мың тонна) ҚХР-дан импортталған.

Осылайша, Қазақстан нарығында А4 форматындағы қағаз өнімдерінің басым бөлігін "Снегурочка" және SvetoCopy брендтері ұсынған.

Ал былтырғы жылдың қорытындысы бойынша А4 қаптамасының орташа көтерме бағасы 1,5 мың теңгені құраған.

"Биыл наурыз айына қарай бағалар орта есеппен бір мың теңгеге немесе 67%-ға өсті. Қазір ірі жеткізушілер кеңсе қағазының 1 қаптамасын 3 мың теңге көтерме бағамен саудалап жатыр. Бағаның өзгеруі Батыс Еуропадан қағаз шикізатын ағартуға арналған реагенттерді жеткізудегі іркілістерге байланысты және Ресейде кеңсе қағазын өндіру көлемінің қысқаруына орай орын алып отыр", - дейді ведомство қағаз бағасының қымбаттауы төңірегіндегі жағдайды.

Одан бөлек министрлік бүгінде Қазақстанда кеңсеге арналған қағазды кесу және орау бойынша 2 зауыт жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Былтыр аталған кәсіпорындар 600 мың А4 форматындағы қағаз өндіріп, ішкі нарықтағы тұтыну көлемінің 5%-ын қамтыған.

"Qagaz Ordasy" ЖШС жылына 3 млн бума, ал Goida.kz 3,6 млн А4 кеңсе қағазын шығаратын өндірістік қуатқа ие. Кесуге және буып-түюге арналған қағаз орамдары түріндегі шикізаттың негізгі бөлігі Ресей Федерациясынан мен Финляндияда өндіріледі. Алайда ресейлік зауыттар бұл компанияларға қағаз орамдарын тікелей сатпай, оларды Қазақстандағы өз өкілдері ("Литан" ЖШС және "Резервснаб Плюс") арқылы саудалайды. Сәйкесінше, сауда-саттықты шектеп отыр", - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963202-a4-formatyndagy-kense-qagazy-nege-qymbattap-ketti-ministrlik-zauap-berdi/

pixel