Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-ның екі ауданында ТЖ режимі жарияланды

Опубликовано:

Ауыл
Видеодан кадр: Хабар 24

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе мен Шыңғырлау ауданында ТЖ режимі жарияланды. Өйткені Шалғын ауылында 25 үй мен мектепті су шайып кетті. Нысандардың жарты метрі суға батып, 30 бас қой мен ешкі мерт болды, 57 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

Шыңғырлау ауданында Сегізсай ауылынан аудан орталығына дейін автомобиль хабарламасы үзілген. Дәл осындай жағдай Алмаз ауылында да тіркелді, мұнда ауыл кіреберісінде көпір қираған.

Науқастар мен жүкті келіншектер жол талғамайтын көлікпен эвакуацияланып жатыр, олар азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. БҚО әкімінің сөзінше, бұл жылы қар көлемі 405 орташажылдық көрсеткішке тең болып отыр.

Қазір келген шығынды анықтайтын арнайы комиссия құрылды.

Өңірлік ТЖД бастығы Ернүр Өтегеновтің сөзінш, қазір басқа да елдімекендер, әсіресе Теректі, Тасқалы, Сырым және Бәйтерек ауылдары қатаң бақылауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963216-bqo-nyn-eki-audanynda-tz-rezimi-zariyalandy/

pixel