Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік: 100 шақты үй, 6 елдімекен су астында қалды

Опубликовано:

Құтқару жұмыстары
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқына байланысты соңғы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, сағат 11.00- дегі жағдай бойынша су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 85 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 6 елдімекенде 2 әлеуметтік нысан еріген қар суымен су астында қалған. Сонымен қатар Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұру жүргізілген.

Алдын ала 196 адам эвакуацияланды, оның ішінде соңғы тәулікте 74 адам, оның ішінде 139-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 57-сі туысқандарында орналастырылды.

Ағымдағы тәулікте 5 тұрғын және 15 саяжай үйлерін су басу тіркелді, республикалық және 1 облыстық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде су тасқыны болды.

Комиссиялық тексеру барысында Батыс Қазақстан облысының кентінде 4 тұрғын үйді су басып, 15 бас ұсақ малдың қырылғаны анықталды.

Соңғы тәулікте Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Мырза станциясында 1 тұрғын үйді еріген қар суы басып, 7 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Су басқан 42 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік объект, автожолдардың 22 учаскесіндегі су тасқыны, оның ішінде республикалық маңызы бар – 4, облыстық - 2, жергілікті – 16, оның ішінде автожолдардың 14 учаскесінің шайылуы: республикалық – 1, жергілікті – 13 учаске бақылауда.

Су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайлар тәуекелдерін төмендету мақсатында өңірлер аумағында ЖАО және ТЖМ күшімен 2 270,4 мың м3 еріген қар суын сору, инертті материалдары бар 21 891 қап төсеу, сондай-ақ 250 м2 алқапта өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстарға Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және ЖАО 1 067 адамы, оның ішінде ТЖМ жеке құрамы - 331, ТЖМ, ІІМ және ЖАО 441 бірлік техникасы, оның ішінде  ТЖМ-ң 85 техникасы, ТЖМ және ЖАО 141 су айдайтын құралы, оның ішінде ТЖМ-ң 66 құралы және ТЖМ және ЖАО 10 жүзу құралы, оның ішінде ТЖМ–ң 6 құралы.

"Қазгидромет" РМК алдағы тәуліктерде Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО мен Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын күтілетінін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963271-ministrlik-100-saqty-ui-6-eldimeken-su-astynda-qaldy/

pixel