Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей қаласының әкімі қанша айлық алатыны белгілі болды

Опубликовано:

Семей қаласының әкімі қанша айлық алатынын айтты
скриншот: www.youtube.com/Хабар 24

Семей қаласының әкімі Бақытжан Баяхметов пен Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Искаковтың қанша айлық алатыны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат "Хабар 24" арнасының YouTube-тағы "Акимы" бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағдарлама жүргізушісі Семей әкімімен әңгіме барысында қаладағы жалақы мәселесін көтерді. Қала басшысы болса 600 мың теңге алатынын, өз табысына шағымы жоқ екенін атап өтті

"Әкімдікте көп жұмыс істейтін, бірақ 120 мың теңге алатын маман туралы не айтасыз? Әкім неге 600 мың, ал ол 120 мың алады?",- деп сұрады журналист.

"Мұның барлығы артылатын жауапкершілікке байланысты. Қазіргі уақытта барлық әкім лайықты айлық ала бастады. Мен бұл жерде басқа бір қызметкерге артылатын жауапкершілік аз немесе ол аз жұмыс істейді демеймін. Мысалы, мекемеде маман 8 сағат бойы жұмыс істейді, кейде одан көп уақытын жұмыста өткізеді делік. Бірақ бұл ретте әкімге артылатын жауапкершілік аясы кең", - деп жауап берді Бақытжан Баяхметов.

Сондай-ақ бағдарлама барысында Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақовтың қанша айлық алатыны айтылды.

"Ол 800 мың теңге көлеміндегі ресми жалақыдан бөлек, оның бақылауындағы аудан аумағында шаруашылыққа ие екені туралы ақпаратты растады", - деді журналист Асхат Ниязов.

"Шаруашылықта жылқы, ірі қара малын және қойларды ұстаймыз. Мен өзім ауылдан шыққанмын. Сол жерде 16 жыл бойы әкім, мал дәрігері, ЖШС директоры болып қызмет атқардым", - деді аудан әкімі.

2021 жылдың көктемінде Семей қаласының бұрынғы әкімі Нұрымбет Сақтағанов 450 мың теңге айлық алатынын айтқан еді. Ал Бақытжан Баяхметов бұл қызметке 2021 жылдың маусым айында тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963395-semei-qalasynyn-akimi-qansa-ailyq-alatyny-belgili-boldy/

pixel