Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда құрылыс алаңында кран құлады (фото, видео)

Опубликовано:

Алматы
Фото: instagram.com/kris_p_press

Алматыда Жас Қанат шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешені аумағында кран құлады. Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қалалық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кранның тоғыз қабатты үйдің шатырына құлаған сәтінен фото мен видеолар Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_press тобында жарияланды.

"Алматыда кран құлады. Бұған кімдер жауапты", - делінген видео жазбасында.

Бұл жағдайға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті пікір білдіріп, Жас Қанат шағын ауданында салынып жатқан 9 қабатты ғимараттың үстіне кранның құлағанын растады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963396-almatyda-qurylys-alanynda-kran-qulady-foto-video/

pixel