Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кісі қолынан қаза тапқан марқұмның белгілі дәрігер екені анықталды

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда аң аулайтын қарудан қаза тапқан ер адам белгілі гастроэнтеролог дәрігер болып шықты. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомсто мәліметінше, кісі қолынан қаза тапқан гастроэнтеролог дәрігердің аты-жөні Юрий Шумков. Марқұмды өзінің пациенті атуы ықтимал.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, дәрігер гастроэнтерология институтында қабылдау жүргізген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адамның ұсталғанын жазған едік. Қолға түскен азамат аңшы мылтығымен алматылықты атқан.

"Қылмыс бірден ашылды. Күдікті "Ұстау" арнайы жоспары барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды. Қылмыс жасалған қару тәркіленді. Қазіргі уақытта кісі өлтіру себебі анықталуда", - деді Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963422-almatyda-kisi-qolynan-qaza-tapqan-marqumnyn-belgili-dariger-ekeni-anyqtaldy/

pixel