Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Алматыда аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды
Фото: t.me/abdrakhmanovlive

Алматыда аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов өз Telegram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қылмыс 4 сәуір күні таңертең Бостандық ауданында болған. Ақпарат Алматы қалалық полиция департаментінің "102" пультіне сағат 8:59-да түскен.

Рустам Әбдірахмановтың хабарлауынша, аңшы мылтығының оғынан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза тапты.

"Қылмыс "ізі суымай" ашылды. Күдікті "Ұстау" арнайы жоспары барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды. Қылмыс жасалған қару тәркіленді. Қазіргі уақытта кісі өлтіру себебі анықталуда", - деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын Бостандық аудандық полиция бөлімі жүргізуде. Ал қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижесі қалалық полиция департаментінің бақылауына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963391-almatyda-asa-auyr-qylmys-zasady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel