Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаппай тәртіпсіздік кезінде полиция және ҰҚК ғимаратын тастап кеткендер сотта жауап береді

Опубликовано:

Бүлік
Алматыдағы тәртіпсіздіктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Бас прокуратураның өкілі ҰҚК қызметкерлері, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары, сондай-ақ Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бас прокуратура 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қазіргі уақытта тергеудің заңсыз әдістері фактілері бойынша 267 қылмыстық іс тергелуде – олардың басым бөлігімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет айналысуда.

Арнайы прокурорлар ең резонансты 10 жағдайды тергеп жатыр. Аталған істер бойынша олар 9 лауазымды адамды ұстады. Оның ішінде 8 ұлттық қауіпсіздік қызметкері мен 1 полиция өкілі бар.

Сонымен қатар Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 2 полиция департаменті мен 3 Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшыларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Болжам бойынша, олар өздері басқарып отырған ғимараттарды 5 қаңтар күні қарумен бірге тастап кеткен.

"Ұсталғандардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер бойынша қызмет бабындағы әрекетсіздік жөнінде 9 қылмыстық іс қозғалды.

1 және 2 сәуірде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің басшысы қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр", - деді Елдос Қилымжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963433-zappai-tartipsizdik-kezinde-policiya-zane-uqk-gimaratyn-tastap-ketkender-sotta-zauap-beredi/

pixel