Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізді

Опубликовано:

Мұрат Әйтенов
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өңір әкімдерінің тұрғындармен тоқсан сайын кездесуі тапсырылған. Осы мақсатта бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізді. 

Кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов жүргізіп, депутаттар мен басқарма басшылары қатысты.

34 елдімекеннен тұратын Абай ауданының кездесуге 15 елдімекені, атап айтқанда Жаңаталап, Қызылжар, Алтынтөбе, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жайлау, Ақниет, Ынтымық, Ынтымақ-2, Тұрлан, Жаңа Тұрлан, Ақниет, Қорғасын-1,2 Жиделі тұрғын алабынан 400-ге жуық тұрғыны келді. 

Мұрат Әйтенов
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Қала әкімі 1-тоқсанды қорытындылап, қаланың даму көрсеткішін баяндап, елдімекендерді аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп берді. 

Жаңа жылдан бері М.Әйтенов мегаполистегі барлық 72 елдімекенді аралап, онда 374 мәселе көтерілгенін жеткізді. Әрбіріне жеке хаттамалық тапсырма жазылып, орындалуы қатаң бақылауда болды. Нәтижесінде бүгінге дейін 78 мәселе шешілді, 249-ы жыл соңына дейін шешіледі, 47 мәселе 2023-2025 жылдары шешімін табады. 

Мұрат Әйтенов
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Аралаудан бөлек, ай сайын аудан белсенділерімен әкімдік ғимаратында қабылдаулар өтті. Онда атқарылған жұмыстар нәтижесі баяндалып, белсенділермен мақұлданып отырды. 

Ашық диалог арқылы мемлекеттік орган мен халық арасындағы байланыс нығайып, қаланың өркендеуінде үш жақты жауапкершілік орнағанын айтқан М.Әйтенов алда бұл жұмыстар жалғасатынын жеткізді. 

Мұрат Әйтенов
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Кездесу тұрғындар сауалына жауап берумен ұласты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963444-murat-aitenov-abai-audany-turgyndarymen-esepti-kezdesu-otkizdi/

pixel