Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайна Сламбек "Хабар" арнасының директоры болып тағайындалды

Опубликовано:

Жайна Сламбек
Жайна Сламбек. Фото: "Хабар" арнасы

Белгілі журналист Жайна Сламбек "Хабар" арнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Бүгіннен бастап Жақсылықова Жайна Сламбекқызы "Хабар" арнасының директоры лауазымына тағайындалды. Жайна журналистиканың өз жауынгері. Көрермен қауым оны сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде жақсы таниды.

Әріптесімді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, сәттілік тілеймін! "Хабардың" дамуына қосар үлесіңіз зор болады деп сенемін!", - дейді Берік Уәли.

Айта кетейік, Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған. Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда "Хабар" агенттігінде тілші болып бастаған.

2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры қызметтерін атқарған.

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін "Астана" телеарнасында "Біздің уақыт" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.

2019 жылдың тамызынан бүгінге дейін "Aпта" бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.

Жайна Сламбекқызы - Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.

Одан бөлек журналист отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін президент сыйлығымен, Құрмет орденімен марапатталған.

Сонымен бірге ол "Тұмар" ұлттық телевизия сыйлығының иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963515-zaina-slambek-xabar-arnasynyn-direktory-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel