Қарағандыда зейнеткердің ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды
Опубликовано:

Қарағандыда зейнеткердің шотынан ақша ұрлады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz жаңалықтарына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 28 наурыз күні Қарағанды қаласының полиция басқармасының Ново-Майқұдық бөліміне 72 жастағы қара тұрғыны шағымданады. Зейнеткер өзінің банк картасын жоғалтып алғанын, шотындағы 104 мың теңге көлеміндегі ақшаны біреу өзінің шотына аударып алғанын хабарлады.
2 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 21 жастағы жігітті ұстады. Ол барлық кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 188-бабы — "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963569-qaragandyda-zeinetkerdin-aqsasyn-urlagan-kudikti-ustaldy/