Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дүкендерінің бірінде жартылай жалаңаш күйінде жүрген жігіт ұсталды

Опубликовано:

Жас жігіт Алматы дүкендерінде пранк ұйымдастырды
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жас жігіт дүкен ішінде жартылай жалаңаш күйінде жүріп, көпшілікті лимонад ішуге шақырғаны үшін 15 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты материал ұсақ бұзақылық фактісі бойынша түскенін (ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі) хабарлады.

"Сот К. есімді азамат әлеуметтік желідегі жазылушылар санын көбейту мақсатында дүкенде видео түсіргенін анықтады.

Бұзақылық ниетте ол қоғамдық жерде тәртіпті бұзып, жалпыға бірдей қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелерін, этикетті бұзып, беліне дейін шешініп, "Буратино" ішуге шақырған.

Осылайша, қоғамның ашуы мен наразылығын тудырып, айналасындағыларға ыңғайсыздық танытып, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзды", - деп хабарлады Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

К. есімді азамат өз кінәсін мойындап, істеген әрекетіне өкінішін жеткізді. Сот іс бойынша мән-жайды назарға алып, оны 15 тәулікке қамауға шешім қабылдады.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сот шешімі күшіне енбегенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963570-almatyda-dukenderinin-birinde-zartylai-zalanas-kuiinde-zurgen-zigit-ustaldy/

pixel