Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "СТО" қызметкерлеріне шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Жұдырық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда полицейлер техникалық қызмет көрсету станцияларының қызметкерлеріне шабуыл жасағандарды іздестіріп жатыр. Қалалық полиция департаменті күдіктілердің кім екені анықталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басылым мәліметінше, видео Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған. Желідегі жазбаға сүйенсек, көрсетілген қызметке көңілі толмаған клиент техникалық қызмет көрсету станциясына шамамен 10 адам болып келіп, екі жұмысшыны ұрып-соққан.

Болған жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды және оны Жетісу ауданы полиция басқармасы тергеп жатыр", - деп хабарлады полициядан.

Ведомство ақпаратынша, аталған қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылған.

"Күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың ұсталуы уақыт еншісінде. Кінәлілерді ұстау және оларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізілуде", - деді Жетісу ауданы ПБ бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.

Одан бөлек тергеу барысын Жетісу аудандық прокуратурасы бақылауына алғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963583-almatyda-sto-qyzmetkerlerine-sabuyl-zasagandar-izdestirilip-zatyr/

pixel