Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде екі өзеннің суы көтеріліп, 100-ден астам үйге су кірген

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі фото: pxhere.com

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, 113 үйге су кірген. Оның басым бөлігі бау-бақша ұжымдарындағы шағын үйлер, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, қала іргесінен ағып жатқан Жіңішке және Песчанка өзендерінің суы көтерілген.

Эвакуацияланған үш жүзге жуық тұрғынның жартысы туған-туыстарын паналап жүрсе, қалғаны қаладағы төрт мектеп пен бір спорт нысанында тұрып жатыр.

Сондай-ақ телеарна республикалық деңгейдегі екі жол мен облыстық және жергілікті маңызды біраз жолды су шайып кеткенін хабарлады. Салдарынан жеті ауылмен қатынас үзілген.

Тұрғындарды қолдау аудандық деңгейдегі атқарушы органдарға жүктелген. Ал тасқынмен күреске төтенше жағдай қызметінің техника және қызметкерлерінен өзге Ұлттық Ұланның сарбаздары да тартылды.

Мамандардың болжамы бойынша өзен-көлдердегі су деңгейі бір тәулікте қалыпқа түседі. Апта соңында жағдай толық тұрақталуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963623-aqtobede-eki-ozennin-suy-koterilip-100-den-astam-uige-su-kirgen/

pixel