Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар басталды: Жедел штаб мәлімдеме жасады
Опубликовано:

Бүгін, 6 сәуірде Алматы қаласының Түрксіб ауданының аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді, осыған байланысты мегаполистің аталған бөлігінде шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу Спасская көшесінде орналасқан № 67 үйде 6:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты - адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау.
Оның міндеттері терроризм актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.
"Жаттығу кезінде шектеулер енгізіледі. Осыған байланысты азаматтарды өтіп жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз", - деп атап өтті штаб.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963664-almatyda-terrorizmge-qarsy-oqu-zattygular-bastaldy-zedel-stab-malimdeme-zasady/