Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге яғни, 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Атап айтқанда, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
Мәселен, еліміздің оңтүстік өңірлерінде найзағай, жаңбыр, елдің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.
Одан бөлек республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалуы мүмкін.
Мамандардың болжамынша, ал Қазақстанның солтүстік жартысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер сәуір айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынған еді.
Метеорологтардың хабарлауынша, сәуірде республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.
Бұл айда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар жиі кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963743-aldagy-kunderi-elimizdin-basym-boliginde-qar-aralas-zanbyr-zauuy-mumkin/