Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда сәуірде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

гүлдеп тұрған ағаш
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет РМК" сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, сәуірде республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.

Мәселен, сәуір айының басында Қазақстанның солтүстік аймақтарында нағыз көктем болмақ. Бұл жақтағы өңірлерде күн айтарлықтай жылынып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Елдің батысында екпінді жел мен жаңбыр жаууы ықтимал.

Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында ауа температурасы:

  • республиканың батысында түнде +1+9°С-тан +3+12°С-қа дейін, күндіз +7+15°С-тан +15+22°С-қа дейін;
  • солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста түнде -5+3°С-тан 0,+7°С-қа дейін, күндіз +2+10°С-тан +5+13°С-қа дейін;
  • орталықта түнде 0,-5°С-тан +2+7°С-қа дейін, күндіз +6+11°С-тан +13+18°С-қа дейін;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +8+13°С-қа дейін, күндіз +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылайды.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Қара теңіз аудандарынан келетін циклонның әсерінен республиканың қалған аумағында ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның басым бөлігінде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с, кей күндері 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Әсіресе, солтүстік өңірлерде жауы-шашын, қар аралас жаңбыр, оңтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ал батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа температурасы аздап төмендеуі ықтимал. Түнде -5+3 градус, күндіз +3+10 градус аралығында жылы болмақ.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстан аумағына Иран мен Орта Азия аудандарынан келетін жылы ауа массалары әсер етіп, еліміздің солтүстік жартысында күндіз сынап бағанасы +15+23°С, оңтүстігінде +28+35°С дейін жоғарылайды.

Дегенмен батыс аймақтарда және елдің солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл өңірлердегі аймақтарда жауын-шашын, қар аралас жаңбыр, боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Синоптиктердің дерегінше, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар сәуір айында жиі кездеседі.

Одан бөлек тау және тау бөктерінде ауа температурасы төмендеп қар да жаууы мүмкін.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне суық ауа массалары әсер етіп, түнде 0,-9°С-қа дейін, күндіз +3+8°С-қа дейін, Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде түнде -5+7°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-қа дейін төмендеуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963086-qazaqstanda-sauirde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel