Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан үш курсанттың отбасына үй қашан беріледі

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан үш курсантқа үй беріледі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазіргі уақытта Шекара академиясының қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан үш курсанттың отбасы мемлекеттен өтемақы ретінде тұрғын үй алған жоқ. Бұл туралы мәжіліс отырысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бұл мәселенің 25 сәуірге дейін шешілетінін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов қаза тапқандардың отбасын үймен қамту мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Ол қаңтар оқиғасы кезінде 19 құқыққорғаушы, соның ішінде Шекара академиясының үш курсанты қаза тапқанын еске салды.

"Бүгінгі таңда шешім қабылданып қойды. 13 адамның отбасына баспана берілді. Қалған алтауының, соның ішінде курсанттардың мәселесі бойынша мен өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 25 сәуірге дейін шешіледі", - деп сендірді Ералы Тоғжанов.

Марқұмдардың артында ата-анасы, іні-қарындасы қалды. Заң бойынша оларға 500 АЕК немесе 1,5 миллион теңге біржолғы ақшалай өтемақы қарастырылған.

"Алматыда бес шекарашы көз жұмды, олардың арасында үш курсант бар. Олар Мейірхан Бітім, Әділқан Жайық және Дәулет Жұпарбеков. Мейірхан мен Дәулет небәрі 19 жаста, ал Жайық 22 жаста болды. Президент жарлығымен олар үшінші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды", - деді депутат Юлия Кучинская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963745-qantar-oqigasy-kezinde-qaza-tapqan-us-kursant-otbasyna-ui-qasan-beriledi/

pixel