Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дулат Исабековтың жары дүниеден өтті

Опубликовано:

Дулат Исабеков жары Нұрғайша Жармұқамедовамен
Видеодан кадр: Qazaqstan ұлттық телеарнасы

Қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабековтың жары Нұрғайша Жармұқамедова дүниеден озды. Қаралы хабарды көпшілікке мәжіліс депутаты, ақын Қазыбек Иса Facebook парақшасында естіртті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Депутаттың сөзінше, Нұрғайша Жармұқамедова жүрегі ұстап, аяқ астынан көз жұмған.

"Есімі елге әйгілі жазушы-драматург, қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабековтың үйіндегі жеңгеміз Нұрғайша Жармұқамедова қайтыс болды деген хабар қабырғамызды қайыстырып кетті. Ол кісі ешқандай ауырып жүрген жоқ-тын, бүгін таңертең жүрегі ұстап қалды дейді.

Жақында ғана көкемізге сәлем беруге үйге барғанда жарқылдап жүріп қарсы алып, сексенге келсе де сергектігін көрсетіп, келіндерден бетер жүгіріп, дастарханын жайып шығарып салып еді", - дейді жазушының отбасымен жақын араласатын ақын.

Мәжіліс депутатының сөзінше, Дулат Исабеков марқұм әйелімен 56 жыл отасқан. Жазушы биыл жұбайымен бірге 80 жас мерейтойын атап өтпекші болған.

Sputnik Қазақстанның жазуынша, Дулат Исабеков пен Нұрғайша Жармұқамедова жоғары оқу орнында танысқан. Дулат Исабеков жарынан бір курс жоғары оқыған. Ерлі-зайыпты Алматыда 1966 жылы отбасын құрған.

Олардың Естияр есімді ұлы мен Айман және Шолпан деген егіз қызы, олардан тараған немере, шөбересі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963761-dulat-isabekovtyn-zary-dunieden-otti/

pixel