Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде колледждерге құжат қабылдау қашан басталады

Опубликовано:

Колледж студенттері
Көрнекі фото: pexels.com

ОКҚ өткен брифингте Білім және ғылым министрлігіне қарасты техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова елімізде колледждерге құжат қабылдау қашан басталатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, колледждерге құжаттар қабылдау 20 маусымда басталады.

"Құжаттарды "электрондық үкімет" порталы арқылы немесе тікелей колледждің өзінде тапсыруға болады. Әрбір талапкер 4 мамандық пен 4 колледжді таңдай алады. Таңдауды үш мәрте өзгертуге мүмкіндік беріледі", - дейді Насымжан Оспанова.

БҒМ өкілінің айтуынша, қабылдау емтихандары педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша өтеді. Басқа мамандықтар бойынша емтихандар өткізілмейді.

"Жұмысшы мамандығына түсетіндер әңгімелесуден өтеді. Ал орта топтағы мамандықтар мен қолданбалы бакалавриатқа түсетін талапкерлер мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту конкурсына қатысады. Іріктеу - білімі туралы аттестаттың орташа балы негізінде жүргізіледі.

Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балды жинау (4 балл) және эссе жазу талабы бар", - дейді Насымжан Оспанова.

Сондай-ақ ол колледждерде білім алғысы келетін 9-сынып түлектерінің сұранысқа ие мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімді тегін алу мәселесі 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен қамтылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963762-elimizde-kolledzderge-quzat-qabyldau-qasan-bastalady/

pixel