jitsu gif

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына қай аудандар кіретіні белгілі болды

Семей қаласы
Фото: triplook.me

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті отырысында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымы талқыланды. Жиын барысында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына қай аудандар кіретіні айтылды, деп хабарлайды Noks.kz.

Басылымның мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының аумағы 97,8 мың шаршы шақырымды құрайды.

Оның құрамына Өскемен (орталығы) мен Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха және Алтай аудандары кірмек.

Ал орталығы Семей қаласы болатын Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы шақырымды құрайды.

Облыс құрамына Семей және Курчатов қалалары мен Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандары кіреді.

ШҚО және Абай облыстарының картасы
Схема: noks.kz

Еске сала кетсек, 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Семей қаласының аумағында Абай облысын құруды ұсынған еді.

Сонымен қатар президент Алматы облысының Жетісу және Алматы облысы болып екіге бөлінетінін айтты.

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы, ал Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болмақ.

Одан бөлек, президент Ұлытау облысын құрып, оның орталығы етіп Жезқазған қаласын бекіту туралы бастама көтерген болатын.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына қай аудандар кіретіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.