Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада нөмірсіз жүрген көлік жүргізушісінен қару тәркіленді

Опубликовано:

Көлік1
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтан қаласында тәртіп сақшылары мемлекеттік нөмірсіз жүрген көлік жүргізушісінен қару тәркіледі, деп хабарлайды Қазақпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары "Тойота Камри" көлігін Тұран даңғылының бойында тоқтатқан.

Тексеру кезінде 35 жастағы ер адамнан тіркеуден шығарылған 12 мемлекеттік нөмір, жиналмалы пышақ, газ тапаншасы мен 4 оқтың тәркіленгені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, көлік коммуналдық тұраққа қойылған.

Сондай-ақ көлік жүргізушісінің елорда аумағында болған қандай да бір құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоқтығын анықтау бағытында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963831-elordada-nomirsiz-zurgen-kolik-zurgizusisinen-qaru-tarkilendi/

pixel