Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаңыздың атынан біреу үйірмеге барып жүрген жоқ па: Тексеру қызметі қосылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов секциялар мен үйірмелерге берілген ваучерді қалай тексеруге болатынын айтып берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Достар, тегін үйірмелер туралы бірінші жақсы жаңалық: баланың тіркелуі жөніндегі мәліметті арнайы "artsport.kz/kz/checkticket" сервистен білуге болады. Жеке сәйкестендіру нөмірі мен аты-жөнін теру қажет. Егер балаңыз ешқайда бармаса, алайда ваучер бар деп көрсетілсе – біреу ақша ұрлап жатыр деген сөз", - деді Дидар Смағұлов.

Қоғамдық бірлекстіктің директоры заңды бұзу фактілері анықталса, өзіне 8 702 67 66 555 WhatsApp-қа ақпарат жіберуге болатынын да жеткізді.

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстанда мемлекет тарапынан шығармашылық және спорттық тапсырыс жүйесі енгізілді.

Оған сәйкес, 4-17 жастағы балалар үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады. Бос орындар кезекпен беріледі. Ал тегін үйірмеге баратын балаға ваучер рәсімделеді. Осы жүйе бойынша 4 миллион бала тегін үйірмелер мен секцияларға қатыса алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963832-balanyzdyn-atynan-bireu-uiirmege-baryp-zurgen-zoq-pa-tekseru-qyzmeti-qosyldy/

pixel