Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте еліміздің 7 өңірінде коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Опубликовано:

ковид-тест
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 6 сәуірде елімізде 16 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған, деп хабарлайды Telegarm-дағы coronavirus2020.kz арнасы.

Аймақтар бойынша:

  • Алматы қаласында - 7
  • Шығыс Қазақстан облысында - 3
  • Қарағанды облысында - 2
  • Қостанай облысында - 1
  • Маңғыстау облысында - 2
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 245-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 86 адам коронавирустан жазылып шыққан.

7 сәуірдегі мәлімет бойынша қазір елімізде 2 237 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде  246 пациент стационарда, 1 991 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 23 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963857-otken-taulikte-elimizde-7-onirinde-koronavirus-zuqtyrgandar-tirkeldi/

pixel