Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің өлімі бойынша сотталған Толыбаева бостандыққа шықты

Опубликовано:

түрме 987
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ҚАЖК ақпаратынша, Толыбаева 2021 жылдың желтоқсан айынан бері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде отырған жоқ.

Жанар Толыбаева ұрлыққа қатысы бар және қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпты деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Еске сала кетейік, Олимпиада-2014 ойындарының қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде автоұрылар қолынан қаза тапқан еді.

Сот 2019 жылдың басында Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Айыпталушы Арман Құдайбергенов Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық", 192-бабы "Қарақшылық" және 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша; тағы бір айыпталушы Нұралы Қиясов "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963962-denis-tennin-olimi-boiynsa-sottalgan-tolybaeva-bostandyqqa-syqty/

pixel