Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанмен шекарада шетел азаматының шұлығынан есірткі табылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарының контрабандасымен айналысты деген күдікпен шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Жібек жолы" шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат түскен.

Анықталғандай, аталған шекара бекетінен өту кезінде Өзбекстаннан Қазақстанға қарай өтіп бара жатқан орта жастағы ер азаматқа "Кароша" атты қызметтік ит үріп, белгі берген. Осыдан кейін шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырады.

Ер адамның Өзбекстан азаматы екені анықталған.

"Оқиға орнына кеткен полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның шұлығынан есірткі тектес затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың 3 грамға жуық гашиш екені расталды", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша тіркелді.

Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде күдікті қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963977-ozbekstanmen-sekarada-setel-azamatynyn-sulygynan-esirtki-tabyldy/

pixel