Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлық белгілері бар": Алматыда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: Polisia.kz

Алматыда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Остроумова көшесіндегі үйлердің біріндегі өрт туралы хабарлама "101" пультіне кешкі сағат 21:00 шамасында келіп түскен.

"Өртті ауыздықтағаннан кейін бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кейін бұл – үйдің иесі, 38 жастағы К.есімді азамат екені анықталды. Бұрын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Бірақ денсаулығына байланысты бірнеше айдан бері еш жерде жұмыс істемеген.

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, адамның өліміне – мойынның кесілген жарақаты, сол жақтағы кеуде тұсындағы пышақ жарақаты, іштің және сол жақ бұғана аймағындағы еніп кеткен пышақ жарақаттары және одан кейінгі мәйітті өртеу себеп болған. Тергеу барысында 44 жастағы П.есімді азамат анықталды, ол қылмыс жасалмас бұрын жәбірленушінің үйіне қонаққа келген", – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.

Осылайша, ер адамдардың алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Олардың арасында жанжал туындап, ақырында П.есімді азамат үй иесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

"Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті үйге өрт қойған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде ұсталған адам ас үй пышағын бірінші болып үй иесінің ұстағанын, ол оның қолынан жұлып алып, оған бірнеше рет соққы жасағанын айтты. Кісі өлтірудің нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады", – деді М.Жаңабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963990-zorlyq-belgileri-bar-almatyda-ortengen-uiden-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/

pixel