Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фармацевт дәріні шатастырған: Павлодарда 3 жасар бала уланып қалды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодарда фармацевт дәрі-дәрмектерді шатастырып алған. Салдарынан 3 жасар бала антидепрессанттармен уланып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кішкентай баланың улану фактісіне қатысты ақпаратты Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды.

"Анықталғандай, қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігер жазып берген рецепт бойынша 3 жасар балаға дәрі-дәрмек сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін бала өзін нашар сезініп, құса бастаған.

Павлодар қаласының тұрғыны дереу жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға "антидепрессанттармен улану" диагнозымен жатқызылған. Белгілі болғандай, фармацевт қателесіп, дәріні қала тұрғынына қателікпен сатқан, – деді ведомстводан.

Аталған факті бойынша Қылмыстқ кодекстің 317-бабы (Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963991-farmacevt-darini-satastyrgan-pavlodarda-3-zasar-bala-aulanyp-qaldy/

pixel