Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей азаматы Қазақстаннан 10 жыл бойы зейнетақыны заңсыз алып келген

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Ресей азаматтығын алған әйел 10 жыл бойы Қазақстаннан да зейнетақы алып келген. Алайда заңбұзушылық Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстыру барысында анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, аталған жайт сәуір айының басында Өскеменде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстыру барысында анықталған.

Анықталғандай, 2004 жылы облыс орталығының тұрғыны Алтай аймағында шет мемлекеттің азаматтығын алып, Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын рәсімдеген, алайда бұл туралы Қазақстанның тиісті органдарына хабарламаған.

71 жастағы әйел зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін 10 жыл бойы Ресейде де, Қазақстанда да зейнетақы алып келген. Бірақ қазір ол алған ақшаны бюджетке қайтаруы керек.

"Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін 4 сәуірде шетелдік әйел ӘҚБтК 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ қазіргі уақытта одан қазақстандық құжаттар тәркіленіп, Қазақстан Республикасы азаматтығының күшін жою тіркелді", – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстан азаматы 10 жыл бойы Қазақстаннан заңсыз зейнетақы алып келгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964002-resei-azamaty-qazaqstannan-10-zyl-boiy-zeinetaqyny-zansyz-alyp-kelgen/

pixel