Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қызметтік тексеріс басталды

Опубликовано:

Барлық Төреханов
Барлық Төреханов. Фото: gov.kz

Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары Барлық Төрехановтың қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі әрекеттеріне байланысты қызметтік тексеріс басталды. Аталған жайтқа қатысты аудан әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шенеунікке қатысты тексеріс туралы мәлімет әлеуметтік желіде пайда болды. Ақпаратты Талғар аудандық әкімдігі растады. Ведомствода оның қызметтен уақытша шеттетілгенін де атап өтті.

"Біздің әкім орынбасарына қатысты қызметтік тексеріс басталды. Шара расында қаңтар айында жарияланған ТЖ режимі кезіндегі оның әрекеттерімен байланысты. Ол тексеріс уақытында қызметінен шеттетілді, қазір үйінде.

Аталған факті бойынша істің мән-жайын тексеріп, шешім шығаратын арнайы жұмыс тобы құрылды",- деді аудан әкімінің персоналды басқару қызметінің басшысы Дархан Тұрғанбаев.

Айта кетейік, жақында Талғардың халық сайлаған әкімі өз қызметінен кеткені белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964006-talgar-audany-akiminin-orynbasaryna-qatysty-qyzmettik-tekseris-bastaldy/

pixel