Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қаңтар оқиғаларының салдарын жою үшін 37 млрд теңге бөлінеді

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владмир Третьяков

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәжілісте қаңтар оқиғаларының салдарын жою үшін 37 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұндай норма "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына енгізілген.

"Президенттің қаңтардағы оқиғалары кезінде үкіметтің кеңейтілген отырысында және мәжілісте айтқан тапсырмаларын іске асыруға 1,8 трлн теңге бөлу ұсынылып отыр. Бұл - өңірлер мен бизнесті қолдауға, халықтың табысын арттыруға, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экономиканы әртараптандыруға арналған шығыстар.

Қаңтар оқиғаларының салдарын жоюға бюджеттен 31 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде Алматыда және басқа өңірлерде бүлінген ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге 21 млрд теңге қарастырылған",- деді Татьяна Савельева.

Вице-министр Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша, ШОБ-ты қолдауға алдын ала қажеттілік 45 млрд теңгені құрап отырғанын атап өтті. Оған үкімет резервінен 24 млрд теңге бөлінген.

Сондай-ақ, бүлінген әкімшілік, әлеуметтік және коммуналдық нысандарды, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіруге 10 млрд теңге бөлу көзделіп отыр, деп толықтырды ол.

Савельеваның айтуынша, инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 22 млрд теңгені құрайды. Мұндай ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынып отырған көрінеді.

Бүгінде аталған шараларға үкімет резервінен 12 млрд теңге бөлінген. Қалған 37 млрд теңге сомасындағы қажеттілік үкімет резервінде сақталған. Қаражат құжаттардың ұсынылуына қарай беріледі.

Сонымен қатар Алматыдағы президент резиденциясының кешені бойынша ғимаратты қайта келпіне келтіруге 6 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964017-qazaqstanda-qantar-oqigalarynyn-saldaryn-zoyu-usin-31-mlrd-tenge-bolinedi/

pixel