Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: Алматы полициясы қылмыстық топ әрекетінен зардап шеккендерді іздеп жатыр

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздік
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда биыл 5-6 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық топ мүшелері адамдарды ұстап алып, оларға қарсы күш қолданып, заңсыз ұстаған. Қазір полиция зардап шеккендер мен куәгерлерді іздеп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жедел-тергеу тобы қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Тергеу анықтағандай, қылмыстық топ 2022 жылдың 5-6 қаңтарында Алматы қаласының көшелерінде күш қолданып, азаматтарды заңсыз тұтқындап, ұрып-соғып, еркінен тыс "Қазақстан" қонақ үйінің ғимаратында орналасқан "BallRoom" мейрамханасының залында, сондай-ақ "Esentai Tower" бизнес орталығының көлік тұрағында ұстап отырған. Кейінірек, ұсталғандардың бірі алған жарақаттарынан көз жұмған", - делінген хабарламада.

Полиция ақпаратынша, зардап шеккендердің көпшілігі анықталып, тергеу амалдары жүргізілді. Алайда болған оқиғалардың толық көрінісін анықтау үшін тергеу анықтамаған куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтары қажет.

"Азаматтық борышын өтеуге шақыра отырып, көрсетілген қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен, сондай-ақ осы оқиғалардың куәгері болғандардың барлығын Желтоқсан көшесі, 189 мекенжайы бойынша Алматы қаласы прокуратурасының ғимаратына келіп, бар білгендерін тергеу-жедел тобына хабарлауларын сұраймыз", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінен.

Айта кетейік, көрсетілген байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады: 8-775-888-03-65; 8-775-644-95-96.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964022-qantar-oqigasy-almaty-policiyasy-qylmystyq-top-areketinen-zardap-sekkenderdi-izdep-zatyr/

pixel