Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа тағайындауды сыр жұртшылығы ерекше ықыласпен қабылдауда

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов пен президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттардың келісімімен Қызылорда облысының жаңа әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлын таныстырды.

Аймақ халқы үшін Нұрлыбек Нәлібаев етене таныс тұлға. Бұған дейін аймағымызда бірқатар жауапты қызметтерді атқарған.

Әсіресе 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі ретінде абыройлы қызмет етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және коммуналдық мәселелерін шешу, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй құрылысын арттыру секілді маңызды бастамалар мен ауқымды жобалары арқылы жергілікті тұрғындардың қолдауына ие болған.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгінгі жаңа тағайындауды да Сыр жұрты еркше ықыласпен қабылдауда. Оны әлеуметтік желілердегі жазбалар мен құттықтаулардан анғаруға болады.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен кезектен тыс сессия барысында мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Сәрсенұлы Досмамбетов: "Аймақтың жағдайымен жақсы таныс және барлық мәселелерді өз көзімен көріп, қолымен ұстап көрген тәжірибелі азамат, оның үстіне осы жердің тумасы Н.Нәлібаевты облыс әкімі қызметіне тағайындағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамыз, біз қолдауға дайынбыз" - деп, жаңа әкімнің қызметіне абырой тіледі.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Айта кету керек, Н.Нәлібаев еңбек жолында 1997 жылдан - 2005 жылға дейінгі аралықта әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратын басқарған. 2008-2013 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі, 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болған.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

2021 жылғы сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін премьер-министр кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964039-zana-tagaiyndaudy-syr-zurtsylygy-erekse-yqylaspen-qabyldauda/