Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада мұнаралы кранның кабинасынан өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Өрт
Видеодан кадр: instagram.com/megapolis.kz

Әлеуметтік желіде жанып жатқан мұнаралы кранның видеосы пайда болды. Белгілі болғандай, оқиға Нұр-Сұлтан қаласында болған. Болған жайтқа қатысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісіндегі kris.p.astana жариялаған кадрларда мұнаралы крандардың бірінің кабинасы өртеніп жатқанын көруге болады.

Өрттің басқа қырынан түсірілген кадрлар megapolis.kz парақшасында да жарияланған.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға түскі уақыттан кейін болған. Қуанышқа орай, өрттен зардап шеккендер жоқ.

"7 сәуір күні сағат 16:19-да Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімі Тұран, 40 мекенжайына аттанды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде 12 қабат деңгейіндегі мұнаралы кранның кабинасы жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің күшімен қызыл жалын 16:42-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 8 адамы мен Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 2 техникасы жұмылдырылды", - деді елорданың төтенше жағдайлар департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964040-elordada-munaraly-krannyn-kabinasynan-ort-syqty-video/

pixel