Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы зообағында кенгуру төлдеді (видео)

Опубликовано:

Кенгурулар
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы зообағында Лаура атты кенгуру жаңа төлді дүниеге әкелді. Бұл туралы зообақ Instagram парақшасында хабарлады.

Зообақтың мәліметінше, Лаура мен Марат атты кенгуру жұбында жаңа төл дүниеге келген. Дегенмен кенгурудың дәл қай күні туғанын анықтау қиын екен.

"Өйткені кенгурудың баласы өте кішкентай, көлемі небәрі 25 мм болады. Ол туыла салып, анасының қалтасына өрмелеп шығып, сонда жарты жыл бойы өсіп-жетіледі. Кішкентай кенгурудың өмірге келгені туралы зообақ қызметкерлері анасының жүріс-тұрысы мен мінез-құлқына байланысты байқап, анықтады.

Кішкентай кенгуру шамамен қаңтарда туылған. Бірақ біз оны тек наурызда ғана, анасының қалтасынан басын шығара бастаған кезден байқадық", - делінген хабарламада.

Зообақтың ақпаратынша, бұл Лара мен Мараттың төртінші төлі. Олар сусиырларға қарама қарсы қоршауда тұрады. Сондай-ақ мамандар кішкентай кенгуруды тексеріп, жынысын анықтау қажет екенін атап өтті.

"Оған әлі ат қойған да жоқпыз. Өз ұсыныс-нұсқаларыңызды жолдап, жазбаларыңызда пікір қалдырыңыздар. Кенгуруға қарайтын киперлер ұнаған атты өздері таңдап алады", - дейді зообақ қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964043-almaty-zoobagynda-kenguru-toldedi-video/

pixel