Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оқ атуға тура келген": Нұр-Сұлтан полициясы мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады

Опубликовано:

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Кеше, 7 сәуір түнде полицейлер мемлекеттік нөмірсіз жүрген көліктің соңына түсті. Темір тұлпардың жүргізушісі тәртіп сақшыларының талабына қарамастан газды үдете түскен. Ол көлікке мас күйінде отырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, көлік иесі мемлекеттік нөмірсіз жүргенімен қоймай, жол ережесін қатаң түрде бұзған. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатуды талап еткенімен, көлік жүргізушісі өзінің және қала тұрғындарының өмірін қатерге тігіп, газды үдете түскен.

Нәтижесінде полицейлер көлікті қуып жетуді дұрыс деп табады. Ал көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларынан қашып, Көктал ықшамауданына кіріп кеткен. Полицейлер жолды жауып тұрғанда олардың көліктерінің бірін сырған.

"Жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірмеу үшін полиция қызметкерлері көлік құралын дөңгелектеріне зақым келтіру арқылы тоқтату үшін табельдік қару қолданды", - деді полицияда.

Аталған жайт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. 21 жастағы жүргізуші қолға түсті, оның мас болғаны анықталды. Тәртіп сақшылары көлік салонынан ресейлік есепте тұрған нөмір белгілерін тапты. Көлік жүргізушісі осыған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Тәртіп бұзушыға қатысты бірден 19 әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Ал темір тұлпар иесі сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964071-elordada-policeilerdin-kolikti-quyp-oq-atqan-satinin-videosy-tarady/

pixel