Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет министрі: Жаңа партиялардың тізімінде қайтыс болған адамдар жүр

Опубликовано:

Құжат
Фото: pixabay.com

Елде жаңа партиялардың тізімінде қайтыс болған адамдардың аты-жөні болған. Күні кеше Әділет министрі партияларды ресми тіркеуге не кедергі болғанын түсіндірді. Әзірге "Ел тірегі", "Байтақ", "Намыс" сынды үш партия құжат тапсырған. Бірақ белсенді топтардың құжаты бірнеше рет қайтарылыпты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл мәселеге қатысты пікір білдірген министр ұйымдастыру тарапынан қателік болғанын айтады. Кей жағдайда адамдардың жеке басын анықтайтын нөмір сәйкес келмесе, мүшелер басқа партия өкілі болып шыққан. Тізімнен өмірден өтіп кеткен тұлғалардың да аты-жөні табылыпты.

Адамдарды партия қатарына жаппай тіркеудің де себебі бар. Өйткені тіркеу рәсімі жеңілдетілген жаңа заң әлі күшіне енген жоқ. Сондықтан дәл қазір партияға 20 мың жақтас қажет екен.

Мемлекет басшысы биылғы жолдауында саяси партияларды тіркеу шегін төрт есеге, яғни 20 мыңнан 5 мың адамға азайтуды тапсырған болатын.

"Бұл ұйымдастырушылардың жұмысы. Олардың міндеті – тізімді  тексеріп, толық тексеріп, онда еш заңбұзушылыққа жол бермеу керек. Егер олар құжаттарының бәрін дұрыс тексеріп тапсырса, онда тіркейміз. Қазір партияны тіркеу үшін ұйымдастыру тобының саны 1000 адамды қамтуы керек. Ал партияның мүшесі 20 мың болуы керек",- деді Әділет министрі Қанат Мусин.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964079-adilet-ministri-zana-partiyalardyn-tiziminde-qaitys-bolgan-adamdar-zur/

pixel