Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

450 мың теңгеге мың дана шоколад алған: Тараз тұрғыны алаяқтың құрбаны болды

Опубликовано:

Шоколад сатып алушы 450 мың теңгеге алдап кетті
Көрнекі фото: pixabay.com

Тараз тұрғыны белгісіз біреу өзіне 450 мың теңге көлемінде залал келтіргенін айтып, полицияға шағым түсірді. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тараз қаласы полиция басқармасына 2022 жылдың 4 сәуірінде қаланың 59 жастағы тұрғынынан өтініш түскен.

Жәбірленушінің сөзінше, "Қазақстан" шоколадының 1000 данасына белгісіз біреу тапсырыс берген. Тапсырысты төлемеген ол шоколадты алып, белгісіз бағытта ізін суытқан.

Жәбірленуші зардап құнын 450 000 теңгеге бағалап отыр.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Күдікті Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы, 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964111-450-myn-tengege-myn-dana-sokolad-algan-taraz-turgyny-alayaqtyn-qurbany-boldy/

pixel