Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте такси жүргізушісін қастандықпен өлтірді деген екі күдікті ұсталды

Опубликовано:

Такси жүргізушісіне қастандық жасады деген екі күдікті ұсталды
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте такси жүргізушісіне жасалған қарақшылық шабуыл бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпан айының соңғы күні "102" пультіне қалалық ауруханадан қоңырау түскен. Дәрігерлер ауыр жарақат алған ер адамның емханаға жеткізілгенін полицияға хабарлайды.

Ақпаратты алғаннан кейін Абай аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы, прокурорлар мен полиция департаменті басшылығы оқиға орнына барған.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі 2-тармағы — "Ірі мөлшерде мүлікті ұрлау мақсатында жасалған қарақшылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Полицейлер қарақшылыққа қатысы бар деген күдіктілерді бірнеше күн бойы іздестіріп, қолға түсіді. Олардың бірі мегаполис тұрғыны болса, екіншісі — Түркістан облысының тұрғыны. Екеуі де жұмыссыз.

Күдіктілер оқиға орнынан ізін суытып, тығылып жүрген. Ал такси жүргізушісінің шашылып жатқан көлігі Түркістан облысындағы ауылдардың бірінен табылған.

Зардап шеккен ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторында. Оларға қатысты Қылмыстық Кодекстің "қарақшылық" және "адам өлтіру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964120-symkentte-taksi-zurgizusisin-qastandyqpen-oltirdi-degen-eki-kudikti-ustaldy/

pixel