Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында әйелімен ұрысқан ер адам өз үйін өртеп жіберді

Опубликовано:

Түркістан облысында ер адам өз үйін өртеп жіберген
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам өз үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды Polisia.kz ресми сайты.

Ведомство мәліметінше, Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің төрт бөлмелі үйін күйеуінің қасақана өртегенін жеткізген.

Үй ішінде тұрмыстық заттар, алтын бұйымдар болған. Оқиға салдарынан жәбірленуші 3 миллион теңге шығынға батқаны анықталды.

Іс Қылмыстық Кодекстің 202-бабы 2-бөлімі (Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, оқиғаның қалай болғанын анықтады. Ерлі-зайыптылардың арасында келіспеушілік туындағаны белгілі болды. Түсініспеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған азамат мас күйде үйге өрт қойған.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964126-turkistan-oblysynda-aielimen-urysqan-er-adam-oz-uiin-ortep-ziberdi/

pixel