Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда бірінші сынып оқушысы марганец ерітіндісінен уланып қалды

Опубликовано:

Қаламмен жазып жатыр
Көрнекі фото: Pexels.com

Павлодарда бірінші сынып оқушысы марганец ерітіндісінен уланып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айында Павлодар мектебінде бірінші сынып оқушысы мұғалімнің қадағалауынсыз қалып, калий перманганатын аузына құйған. Жедел жәрдем келгенге дейін мектеп медбикесі баланың аузын шайып, алғашқы көмек көрсеткен. Кәмелетке толмаған бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

"Полицейлер анықтағадай, бірнеше күн бұрын сынып тәрбиешісі басқа оқушының қол-аяғын зарарсыздандыру мақсатында медициналық қызметкердің кабинетінен марганец ерітіндісін алған. Кейін асығыста оны жұмыс үстелдің шкафына салған", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабына сәйкес (Балалар денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз алмаған туралы) сотқа дейінгі тексеріс жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама жасау тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964150-pavlodarda-birinsi-synyp-oqusysy-margancovkadan-ulanyp-qaldy/

pixel