Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат Шымкентте ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қалалық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Мигрант" және "Іздестіру" жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Өзбекстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған дейін 30 жастағы деструктивті діни ағымның жақтаушысына көрші елдің полицейлері халықаралық іздестіру жариялаған болатын.

Ұсталған азамат жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып, жергілікті тұрғынның үйінде жалданып жұмыс істегені белгілі болды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оның құжаттарын қалпына келтіріп, Өзбекстанға экстрадициялау бойынша шаралар қабылдауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964158-xalyqaralyq-izdeude-zurgen-seteldik-azamat-symkentte-ustaldy/

pixel