Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжол бір күнге жабылды

Опубликовано:

Трасса
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжол бір күнге жабылды. Бұл ақпаратты өңірдің төтенше жағдайлар департаменті растады, деп жазады Қазақпарат.

Белгілі болғандай, республикалық маңызы бар "Сарыөзек-Көктал" тасжолының 45-68 шақырымында реконстукциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 8 сәуір күні 9:00-ден бастап 9 сәуір күні аралығында бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілмек.

Осыған байланысты тасжолдың көрсетілген учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылған.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала белгілеуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964166-almaty-oblysynda-respublikalyq-manyzy-bar-taszol-bir-kunge-zabyldy/

pixel