Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында оқушы қызды қағып кетті

Опубликовано:

Жол апаты85
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін Қызылорда қаласында жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында оқушы қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға облыс орталығындағы Назарбаев даңғылы бойында тіркелді. Жаяу жүргіншілер жолағында жолдан өтпек болған оқушыны жеңіл көлік қағып кетті.

"Аталған оқиға Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалып, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті азамат Қызылорда қалалық ПБ-ға жеткізілді.

Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Қызылорда қалалық білім бөлімі оқушының жағдайы қалыпты екенін хабарлады. Қазір ол палатаға шығып ем қабылдауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964172-qyzylordada-zenil-kolik-zayau-zurginsiler-zolynda-oqusy-qyzdy-qagyp-ketti/

pixel