Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы президент резиденциясын сүріп тастауға 6 млрд теңге жұмсалмақ

Опубликовано:

резиденция
Фото: Президенттің Іс басқармасы

Президенттің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өз Telegram парақшасында Алматыдағы президент резиденциясын сүріп тастауға қанша қаражат кететінін айтты.

"Қазақстандық көпбейінді реконструкция және даму институтының техникалық қорытындысы бойынша резиденцияның жағдайы пайдалануға шектеулі жарамды деген санатқа жатқызылды. "Қазреставрация" РМК мамандары тексеру жүргізіп, өлшемдерін алды, соның нәтижесінде объектіні тарих пен мәдениет ескерткіштерінің тізімінен шығаруды ұсынды",- деп жазды ол.

Сондай-ақ, Дәдебаев Мәдениет және спорт министрлігі тарихи-мәдени сараптама негізінде объектіні ескерткіштер тізімінен шығаруға шешім қабылдағанын, негізгі ғимарат пен іргелес объектілер бөлшектенетінін атап өтті.

"Ең алдымен, сақтаулы тұрған, яғни тоңазытқыш техникалар, үздіксіз қуат көздері, дизель-генераторлар – барлығы шамамен 600 миллион теңге сомасындағы 46 атаулы құрал-жабдық шығарылады. Бұл құрал-жабдық Іс басқармасының басқа объектілерінде қолданылады. Шамамен 1800 тонна металды қайта өңдеуге жібереміз (бұл да бюджетке қайтарылатын 150 миллион теңге)".

Жалпы қайтарылатын қаражат 750 млн. Негізгі ғимарат пен іргелес объектілерді бөлшектеу үшін үш миллиард теңге қарастырылған",- деп жазды Дәдебаев.

Оның сөзінше, тағы үш миллиард аумақты қалпына келтіруге және инженерлік корпусты қайта құрылымдауға көзделген, олар қаланың теңгеріміне өтетін объектілер. Жұмыстардың орындалуы бюджеттік өтінімде егжей-тегжейлі көрсетілген.

"Резиденцияның аумағындағы дөңнің астында орналасқан инженерлік корпусты қайта қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз.

Ол саябақтың ландшафтына сай келеді. Оның ішінде трансформаторлық кіші станция орналасқан, ол жақын маңдағы үйлерге, инженерлік құрылғыларға, қызметкерлерге арналған орынжайларға қызмет көрсетеді. Толық жұмыс істейтін көпбейінді орынжай болады.

Қазіргі кезде оның тіршілікке маңызды тораптары күрделі жөндеуді қажет етеді, яғни шатырын заманауи түріне ауыстыру, суағарлар санын көбейту, инженерлік жабдығын түгел ауыстыру қажет. Объектінің сыртын әрлеу бойынша да үлкен жұмыс жүргізу керек. 30 жылда бұл ғимаратты салған кездегі пайдалану стандарттары да ескірді. Осылайша, біз қалаға дайын аумақ пен жаңартылған инженерлік корпусты тапсырамыз",- деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964249-almatydagy-prezident-rezidenciyasyn-surip-tastauga-6-mlrd-tenge-qarazat-bolinedi/

pixel