Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде техника дүкені мен сауда үйін тонағандар сотталды

Опубликовано:

сот үкімі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде техника дүкені мен сауда үйін тонағандар сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, Алматы қаласының 47 және 32 жастағы жұмыссыз екі тұрғыны 2022 жылдың 5 қаңтарында төтенше жағдай кезінде Алматы қаласындағы "Sulpak" дүкенінен ұрлық жасап, жалпы құны 4 млн 752 мың теңгені құрайтын 3 дана теледидарды ұрлап кеткен.

Кейін сотталушылардың бірі осы сауда үйінен құны 56 мың теңге тұратын 2 маркалы принтер, стерео жүйе, 313 мың теңге тұратын 2 саундбар, 800 мың теңге тұратын 4 ноутбук, 37 мың теңге тұратын пернетақта, 100 мың теңге тұраты фотоаппарат және құны 268 мың теңге тұратын фотоаппаратқа арналған сөмке мен фото обьективті алып шықты.

Сот олардың бірінің әрекетін Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 1,3-тармағы (қызметтік қызметке заңсыз кіре отырып, бірнеше рет жасалған аса ірі мөлшердегі ұрлық) , ал екіншісінің әрекетін Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша саралады.

Ал 188-баптың 3-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша жазаланған сотталушының кінәсін мойындау, өкіну және келтірілген зиянды өтеуі ескерілді. Оған қатысты 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Екінші сотталушы Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәсін мойындап, өкініп, келтірілген залалды өтегендіктен, 5 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылар үкіммен келісіп, апелляциялық шағым түсірмеді. Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964253-almatydagy-tartipsizdik-kezinde-texnika-dukeni-men-sauda-uiin-tonagandar-sottaldy/

pixel