Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда басқарманың бас маманы парамен ұсталып, айыппұл арқалады

Опубликовано:

пара1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы - еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы парамен ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

"7 сәуірде Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы - еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы Қапаров Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

А. Қапаров оқу орталықтары өкілдерінен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша курстан өткені туралы сертификаттарға бірнеше рет қол қойғаны үшін 150 000 теңгеге дейін пара алған.

Оған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 819 740 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964264-almatyda-basqarmanyn-bas-mamany-paramen-ustalyp-aiyppul-arqalady/

pixel