10 мың доллар: Қазақстан арқылы өту үшін жалған паспорт сатып алған шетелдіктер ұсталды
Опубликовано:

Қазақстан арқылы өту үшін 10 мың долларға жалған паспорт сатып алған шетелдік азаматтар анықталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
"6 сәуір күні Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды", - делінген хабарламада.
Жүктерін тексеру кезінде олардың шын паспорттары да табылғаны хабарланды.
Алдын ала дерек бойынша олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған.
Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларға бағаланған.
Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964278-10-myn-dollar-qazaqstan-arqyly-otu-usin-zalgan-pasport-satyp-algan-seteldikter-ustaldy/