Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында автобус аударылып, бірнеше адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Автобус жеңіл көлікпен соқтығысып қалған. Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шегіп, қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін таңертең Өтенай кентінде орын алған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видео тарады.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының болғанын растады. Олар ұсынған алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Хван және Сләмов көшелерінің қиылысында болған. Mazda Cronos көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығар кезде жол белгісін елемей, салдарынан автобусқа соғылған.

"Оқиға салдарынан Isuzu автобусының 47 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен жолаушылардың екеуі әйел адам. Оқиғаның мән-жайын Талдықорға қалалық полициясының мамандары анықтап жатыр", -деп жазылған департаменттің дерегінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964341-almaty-oblysynda-avtobus-audarylyp-birnese-adam-auruxanaga-tusti/

pixel